Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақтөбе заң институты курсанттарына «әскери – патриоттық тәрбие беру» мақсатында өткен дөңгелек үстел туралы

2018 жылғы 18 мамырда сағат 12:00-де институттың акт залында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Әскери – патриоттық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, аталған дөңгелек үстелге құрметті қонақ ретінде Ақтөбе облысының «Жауынгерлік бауырластық» ұйымының құрылтайшысы Гумер Абдулвалиевич Галеев және Ақтөбе облысының «Жауынгерлік бауырластық» ұйымының іздеу жасағының мүшесі Чингиз Серикович Давлеткереев шақырылды. Олар іздестіру жасағының қызметі және іздеу қозғалысы туралы, медальондар мен мұрағат құжаттарына негізделген, жоғалған сарбаздарды іздестіруге бағытталған іс-шаралар туралы, іздеу қозғалысының тарихы жайында, сонымен қатар, Отан үшін өз өмірін берген адамдардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын адамдар туралы айтты.

Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алды, ең көп шығындар бірнеше жерде өткен қиян – кесті шайқастар болған жерде болды. Өздерінің қауіп-қатеріне қарамастан адамдар мен шағын шашыраңқы жасақтар «Қарғыс жерде» шайқасып, Қызыл Әскердің жауынгерлері мен командирлерін көмген. Іздеу жасағы осындай мазарларды табу үстінде.

Дөңгелек үстелдің қонақтары мен курсанттар аталған тақырыпқа арналған бейнефильмдерді тамашалады. Курсанттар үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелдің жабылуында салтанатты іс-шараның қонақтары алғысхаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қонақтар жауап ретінде институттың кітап қорына патриоттық мәні бар кітаптар сыйлады.

 

Әскери және дене шынықтыру даярлығы

кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                  

М.Д. Нұршаев