Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Бірлік. Ынтымақтастық. Достық

Осы жылы көктем мезгілі құрғақ әрі жылы болғандықтан табиғатта демалыс өткізуге негіз болды.  Табиғат аясындағы  оңаша өмір  керемет көңіл күй сыйлап қана қоймай,  барлық адамдарды  жақындастырады. Сол себепті өткен мейрамдарға орай, көктемнің және оқу жылының аяқталуына байланысты 2018 жылғы 19 мамырда Ақтөбе заң институтының  1 «А» курс курсанттары бірігіп демалысқа шықты. Демалыс концерттік іс – шарамен жалғасын тапты. Олар өздерінің шеберліктерін тек қана  би және ән арқылы ғана  емес, сонымен қатар, заманауи жанрдағы рэп және акапелла орындады. Өзге де білім алушылармен қарым-қатынасты нығайту мақсатында және болашақ ішкі істер органының қызметкері ретінде біздің курсанттар Ақтөбе заң институтының 1 «Б» курс курсанттарын демалысқа шақырды. Сонымен бірге, іс-шарада институт бастығының сап бөлімі жөніндегі орынбасары    К.М.Манапбаев, курс басшылары, тікелей білім беру бөлімі және оқу топтарының кураторлары болды. Және де курсанттардың ата-аналары шақырылды.

         Бұл іс-шараның басты мақсаты — демалыс  ұйымдастыру арқылы  курсанттарды күнделікті қызмет өткерімнен  алаңдату болды. Болашақта осындай іс – шаралар жиі өткізіледі. Біздің курсанттардың көңілдері толып, жаңа күшпен сапқа оралды.

 

1 «А» курс бастығы

 полиция подполковнигі

М.М.Ешманов

 

 
ms3 07