Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жалпықұқықтық пәндер кафедрасының дөңгелек үстел өткізуі туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасымен 2018 жылғы 2 қарашада ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында «Ақпараттық қауіпсіздік және кәмелетке толмағандарды олардың денсаулығы мен жетілуіне зиян келтіретін ақпараттық-телекоммуникациялық желілерден қорғау» атты  дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Мақсат Салауатович Салауатов болды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Галия ЖанабековнаСулейманова, Ақтөбе облыстық ІІД ЖПБ ювенальды полиция бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Ақтолқын Нурымбаевна Утешова, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы Амина Мадиевна Нурманова,  «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы бөлімінің жетекшісі Сансызбай Жәдігерұлы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Қарлығаш Талғатовна Жармаганбетова, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Зина ЗинелқызыНұрыш, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 2 «А» курсанттары  Сабина ЖанатовнаАбдрахманова, Аягоз ЕркиновнаАбдрахманова, Интизарим ЖеллахунқызыБаситова, Екатерина Александровна Симоненко қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты интернет желісіндегі балалар қауіпсіздігі мәселесіне назар аударту, балаларға қатысты жасалған онлайн-құқық бұзушылықтардың алдын алу және интернетті қауіпсіз пайдалану мәдениетін насихаттау болды.
Конференция барысында әлеуметтік желілердің баланың психологиясына әсер етуі, кәмелетке толмағандардың арасында зорлық-зомбылық пен жыныстық қатынастың алдын алу, балалардың интернетке бақылаусыз қол жеткізуінің теріс салдары, кәмелетке толмағандардың арасында экстремистік идеологияның таралуын болдырмау және балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу туралы мәселелер талқыланды , басқа адамдардың қабылдау және түсіну, олармен өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндігі талқыланды.

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
жалпы құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы полиция подполковнигі
З.З.Нұрыш

 
13 DSCN0745 03156199