Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы түсіндірілді

2019 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын ақпараттық-түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Б.С.Айдосов, білім саласының ардагері Қ.Қ.Қуан, «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының лидер-кеңесшісі Т.Ә.Байлиев, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе ОФ-ның бөлімінің маманы А.Қ.Жанасова, БЖЗҚ АҚ Ақтөбе облыстық филиалының мамандары М.В.Тоқтанова, А.Н.Айсұлтан, институттың тұрақты және ерікті- жалдамалы құрамы, курсанттары қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру тобы ҚР Президентінің Жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы қоры, тұрғын үй және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп өтті. Жиын соңында қатысушылар аталған бағдарламалар бойынша өз сауалдарын қойып, жауап ала алды.