Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру туралы

2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында  Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі ІІД Ақтөбе станциясындағы Желілік ішкі істер басқармасы базасында көлік полициясының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жолдауды түсіндіруге Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Сулейменов Канат Сарсенбаевич,  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ерланұлы Қуат қатысты.

Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушыларынан басқа, Ақтөбе облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Н.Махмудов және Ақтөбе калалық ІІБ жергілікті полиция қызметі әкімшілік тәжірибе инспекторы полиция лейтенанты Е.Кубланов қатысты.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізудің мақсаты – полиция қызметкерлерінің назарын жаңа ақпараттық технологияларды, ақпараттық және коммуникативті технологияларды және цифрландыру қағидаттарын кеңінен қолдану мен негізгі басымдықтарын іске асыруға аудару.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын талқылау барысында 2017 және 2018 жылдардағы Жолдаулар арасында талдау жүргізілді.

Президенттің Жолдауы талқыланғаннан кейін, Ақтөбе облысының МКД Экономикалық сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес агенттігінің өкілі және Ақтөбе қалалық ІІД-нің жол-патрульдік полициясының қызметкері, Ақтөбе станциясындағы ЖІІБ жеке құрамына осы бөлімшелердің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы жол-көлік оқиғаларын болдырмау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы ІІМ

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

доценті міндетін атқарушы

полиция подполковнигі                                           

Қ.С.Сулейменов

 
IMG_8423