Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША “ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ»АТТЫ ӨТКІЗІЛГЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2018 жылдың 19 қазанында жалпы құқықтық пәндер кафедрасы ҚР  ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беретін пәндер кафедрасымен бірлесе отырып, 1″А”- 1″Б” курстарының курсанттары және профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған дөңгелек үстелдің модераторы – М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Жарасхан Ардақ Жарасханқызы болды.
Дөңгелек үстелді Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Ғалия Жанабекқызы ашты. Ол Жолдаудың маңызды сәттерін төмендегідей атап өтті:

  1. Халық табысының өсуі.
  2. Өмір сүру сапасын арттыру.
  3. Жайлы өмір сүру ортасын құру.
  4. Азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекеттік аппарат.
  5. Тиімді сыртқы саясат.
  6. Әрбір қазақстандықтың елдегі қайта құру үдерістеріне қатыстылығы.

ҚР М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Төлешев Мұрат Дәулетбайұлы “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы аясында құқық қорғау органдарының сапалы қайта құрылуы” тақырыбында баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.
Дөңгелек үстелге – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл басқармасының бас маманы Мақсат Данайұлы Әбекенов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл басқармасының бас маманы Нұртөре Зайдоллаұлы Қалдыбаев қатысты.

ЖҚП кафедрасы бастығының міндетін атқарушы
полиция подполковнигі
М.С.Салауатов

 
08