Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тоғызқұмалақтан жарыс

 2018 жылдың 13 қарашасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бірлесе отырып, Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ақтөбе студенттер лигасы» жоспары бойынша тоғызқұмалақтан жарыс өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1-орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ құрама командасы, 2-орынды М.Оспанов атындағы БҚММУ құрама командасы және 3-орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ құрама командасы иеленді.       
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Ақтөбе студенттер лигасы» ойындары аяқталған соң грамоталармен және медалдармен марапатталады.

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Ж.Қ.Қаирбаев

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты О.Н.Ізтлеуов

 
SAM_2785