Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Көліктегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде «профайлинг» әдісін қолдану» тақырыбындағы оқып-үйрету семинары

Ағымдағы жылдың 8-10 қазаны  аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында «Көліктегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде «профайлинг» әдісін қолдану» тақырыбына семинар-тренинг өтті. Оны ұйымдастырушлар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның   Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің есірткі  құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы, Қазақстан Республикасы ІІМ, Қазақстан Республикасы психологтар Ассоциациясы.

Семинарды ұйымдастырушылар:

  1. Кристофер Маккалоу – Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің саяси сұрақтар жөніндегі кеңесшісі.
  2. Асель Каратаева – Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің әскери-саяси бөлімінің аға жоба ассистенті.
  3. Михаил Асафов – Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің әскери-саяси бөлімінің аға жоба ассистенті.
  4. Раушан Касымбекова – АҚШ елшілігінің халықаралық нашақорлықпен күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің аға менеджері;

Семинар сарапшылары:

      1.Шакимова Лола Сергеевна – Қазақстан Республикасы психологтар Ассоциациясының эксперт-психологі.

      2. Абдукеева Акмарал Сихымбаевна – Қазақстан Республикасы психологтар Ассоциациясының эксперт-психологі.

      3. Баяндинов Талгат Умытканович – есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының халықаралық қатынастарды реттеу жөніндегі маманы.

      4.Сабырбеков Азамат Алмазович – есірткі құралдарының, психо-троптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының ақпараттық аналитикалық бөлімінің аға аналитигі.

      5.Кондратьев Игорь Владимирович – сарапшы, Орталық-Қазақстан академиясының проректоры, профессор  (бақылаушы).

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы ІІМ 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №1201 «Арнайы бастапқы оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының 2017 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы»  бұйрығына сай біліктілігін арттыру кур-сына келген КІІД желілік полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары қатысты.

Семинар барысында  адамды психологиялық танудың шығу тарихы (профилирование), оның ұйымдастырылуы, нашақорлық, нашаны адам денесі арқылы тасымалдау тәрізді сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанда терроризмге қарсы күрес, қоғамдық орындарда жасалатын террорлық әрекеттердің негізгі белгілері, жасырып қалу түрлері,  жолау-шылардың мінез–құлқына қарап, наша тасымалдауға бейім адамдарды анықтау, жолаушылардан сауал алу және ақпаратты шығару әдістері  туралы сұрақтар талқыланды. Ұйымдастырушылар тарапы оқылған тақырыптырды электронды түрде  бейнероликтермен, өзге де көрнекі материалдармен қам-тамасыз етті.

 Институт қызметкерлері және біліктілігін арттыру курсының тыңдау-шылары тренингке атсалыса қатысып, тәжірибелік тұрғыдан тапсыр-малар орындады.

Тренинг аяқталған соң, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

     

КжҚБФ-нің

аға оқытушы – әдіскері

полиция майоры

А.А.Сагынтаева