Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында өткізілген дәріс

2020 жылғы 10 желтоқсанда  ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні мерекесіне орай арнайы алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларына «Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі»тақырыбында дәріс өткізілді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» алғашқы нормативтік құқықтық актіден бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 29 жыл толғалы отыр.

Бұл дәрістің мақсаты курс тыңдаушыларында патриоттық сезімді қалыптастыру: өз Отанына деген мақтаныш, туған жерге деген сүйіспеншілік, дәстүрді құрметтеу.

Дәріс соңында арнайы алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларына Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №1287 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институтына Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевтың есімі берілгеніне 6 жыл толуына байланысты батыр туралы естелік мағлұматтар айтылып, батырдың өмір жолы түсірілген бейнебаян көрсетілді.

Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі З.З. Нұрыш

 
04054013