Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы бастапқы оқыту курсына тыңдаушылардың келуі туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2017 жылғы 09 қаңтардағы № 14 «Арнайы бастапқы оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының 2018 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына ІІО орта, қатардағы және кіші басшы құрам лауазымына үміткер тыңдаушылар келді.

Барлығы -137 тыңдаушы.

Тыңдаушылар Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаменті бекіткен оқу бағдарламасына сай 10 негізгі және 3 қосымша пәнді оқып, игерулері тиіс.

2018 жылғы 22 қаңтарда тыңдаушылармен жиналыс өткізіліп, онда олар институттың профессорлық-оқытушылық құрамымен, взвод кураторларымен танысып, аудиториялардың, кафедралардың орналасуы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, әскери-қызметтік тәртіпті сақтау туралы сұрақтар көтерілді.

 

КжҚБФ аға әдіскер – оқытушысы

полиция майоры

Сагынтаева А.

 
04