Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кезекші ауысым қызметкерлерімен сабақтар

2019-2021 жылдарға арналған ІІО жаңарту жөніндегі Жол картасының жоспарында полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдерінің қызметкерлеріне ерекше орын берілген. Кезекші бөлім қызметкерінің жұмысы кең ауқымды жұмыс көлемімен, оның қарқынды шиеленісімен, алуан түрлі ақпараттармен және қабылданған шешімдер үшін үлкен жауапкершілік дәрежесімен қатар жүреді.

Бұл жағдайда қызметкерлер психологиялық, психофизиологиялық және мінез-құлық деңгейлерінде көрінетін стресстік жағдайларды бастан кешіреді. Осы мәселені психологиялық тұрғыдан қарастыра отырып, кезекшілік қызметтің тиімділігі деп – әр қызметкердің жеке тиімділігі айтамыз, яғни эмоционалды реттеу, стресске төзімділікті арттыру, жұмыс қабілеттілігін жоғарылату және қызметкерлердің психикалық денсаулығы. Жауапты кезекшінің қызметі көбінесе оның жоғары стресс жағдайында өзіне психологиялық көмек бере алатындығына байланысты.

Идеологиялық жұмыс бөлімінің инспектор-психологтары кезекші бөлімінің қызметкерлеріне жұмыс қабілеттіліктерін арттыру бойынша қажетті құзыреттілікті дамытуға, стресстік психосоматикалық дисфункцияны және психикалық күйлерді реттеуге және олардың өмірі мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында психотүзету сабақтарын жүргізуде.

КСБ ИЖБ аға инспектор-психологі                     

Ж.А.Жукаева