Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ғылым қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2011 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің №164 Жарлығымен белгіленген «Ғылым қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай іс-шара өткізілді.

Мерекелік іс-шараны институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Санабай Рзабекұлы Рзабеков пен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев құттықтау сөзімен ашты, сонымен қатар, полиция подполковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова: «Ғылым — кез келген қоғамның  қозғаушы күші. Онсыз болашақты елестету мүмкін емес. Қазақстан ғалымдарының елімізді дамыту жолындағы еңбектері ересен шексіз», — дей келе, бүгінгі таңдағы біздің міндетіміз тек бар әлеуетті сақтап қана қоймай, оны неғұрлым көбейтуге жұмыстану қажеттілігінде екендігін атап өтті.

Іс-шара барысында ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі  А.Қ. Каримбаева институт бастығының өз міндеттерін адал атқарғаны және 2017 жылдың қорытындысы бойынша ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы жетістіктері үшін  марапаттау туралы бұйрығын оқыды. Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы арасында өткізілген байқау бойынша «2017 жылдың үздік жас ғалымы» атағына ие болған әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтененты А.Қ. Қосмұратов грамотамен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сонымен бірге, ғылыми-педагогикалық қызметі саласындағы жетістіктері мен белсенділіктері үшін институт қызметкерлері — полиция майоры А.А. Сагинтаева, полиция майоры А.С. Тайшыбаева, Е.М. Жұмағазин және А.Ж. Қиюбек грамотамен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Институттың халықаралық байланысын нығайтуға қосқан үлесі үшін келесі қызметкерлер — полиция полковнигі А.Г. Игольников, полиция подполковнигі Т.Е. Сүлейменов, полиция майоры Т.Ү. Илайков, полиция полковнигі И.Н. Аяпбергенов, полиция полковнигі Қ.Д. Үмбетбаев, полиция подполковнигі Л.С. Маланьина, полиция подполковнигі Ж.А. Аюпов, полиция подполковнигі М.С. Салауатов, полиция подполковнигі Н.А. Чупринюк, полиция майоры Ж.А. Жукаева, полиция майоры
С.М. Минайдаров грамотамен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Іс-шараға қатысушылар арасында шақырылған қонақтар — Қазақстан Республикасы ҚМ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің  Әскери институтының курсанттары мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің оқытушысы Г.Н. Мухидинова да болды. Әскери институт бастығы және  жеке құрам атынан олар Ақтөбе заң институтының жеке құрамын «Ғылыми қызметкерлер күнімен» және «Дүниежүзілік авиация және космонавтика күнімен» құттықтап, зор денсаулық, қызметте табыс тіледі және алдағы уақытта екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың табысты болуына тілек білдірді. Сонымен қатар, ӘҚКӘИ бастығы полковник Алим Абуталипұлы Ибраевтың атынан алғысхат  тапсырды.

Сонымен бірге, бұл күні Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің және ғылыми қоғамның атынан да құттықтаулар айтылып, концерттік бағдарлама дайындалды. Мерекелік іс-шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

РБЖ тобының инспекторы

полиция аға лейтенанты

Ш.Ө. Смағұлова