Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің психологиялық бейімделуі»

2021 жылғы 01 маусымда Кәсіптік психологиялық даярлық және ІІО басқару қафедрасымен «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің психологиялық бейімделуі(Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарына қатардағы, кіші және орта құрамдағы лауазымдарға алғаш рет қабылданушы тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлық аясында)» ғылыми-зерттеу тақырыбы негізінде «ІІО қызметкерлерінің психологиялық бейімделуі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

         Іс-шараның мақсаты – оқу орнында сәтті бейімделуге және ішкі істер бөлімінде одан әрі жұмыс істеуге жағдай жасау.

         Дөңгелек үстел жұмысына кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің бастығы, Phd докторы, полиция майоры                           Ерлан Қуанышұлы Балымов, Ақтөбе қ. ПБ патрульдік полиция батальонының инспектор-психологы, полиция капитаны Хаецкая Ольга Николаевна, кадр саясаты тобының инспектор-психологы, полиция капитаны Тутаева Ләззат Лескенқызы, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының инспектор-психологы Бердіғалиева Ақтолқын Нұрлыбайқызы, Кәсіптік психологиялық даярлық және ІІО басқару қафедрасының оқытушылары мен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қатысты. Іс-шара барысында тыңдаушыларға «Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына алғаш рет қабылданған білім алушылардың бейімделу ерекшеліктері» атты шағын дәріс оқылып, өткізілген сауалнамаға талдау жасалды, сонымен қатар, тренингтер,рөлдік және ситуациялық ойындар және «Жаңа форматтағы полиция қызметкері» тақырыбында ұжымдық сурет салу жаттығуы жүргізілді. Сондай-ақ,дөңгелек үстел қонақтарының қатысуымен «ІІО қызметкерлерінің психологиялық бейімделуі» тақырыбында топтық дискуссия өткізілді.

         Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.