Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дөңгелек үстелдің ақпараты

2017 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу-әдістемелік кеңесі отырысының залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жылсайынғы Қазақстан халқына  жолдауының бастынегіздерін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді институттың Құқықтанушы және Правовед ғылыми топтарының мүшелері ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелгеҚазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі С.И.Қаракүшев және арнайы шақырылған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құқық кафедрасының доценті заң ғылымдарының кандидаты А.С.Смағұлова қатысты.

А.С.Смағұлова өзінің баяндамасында өткізіліп жатқан іс-шараның біздің мемлекетімізге Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жүзеге асыру тиімділігі жалпы Қазақстандық қауымдастық қолданылу тиімділігіне байланысты маңызды дәрежесін атап өтті. 

Дөңгелек үстелде алдын алаұсынылған тақырып бойынша 1 курс курсанттары А.С. Досанова, С.С.Султанова, Н.Ж.Кокенова, А.К.Калиева, Н.Ж.Токашева, А.Р.Нуржауова, Ж.Б.Пангерей, Л.Г.Кобдолдина,А.Т. Тасболатова, А.С. Мунатова, С.Ж.Сисенбайлар баяндама оқыды.

Оқылған баяндамалар аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырып баяндамашыларға көп сұрақтар қойылды және көтерілген мәселелерді талқылау дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін жалғасын тапты.

Барлық қатысушылар дөңгелек үстел қорытындылары туралы және өз пікірлерін білдіру мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институтының

Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі  кафедрасының доценті

полиция подполковнигі Н.Қ. Оразалин

 
03280181