Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің аға учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторларының біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы.

Қазақстан Республикасы ІІМ 2019 жылғы 11 қаңтардағы №11 бұйрығымен бекітілген қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының жоспар кестесіне сай 2019 жылғы 04 ақпаннан 09 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілігін артыру курсынан қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің аға учаскелік полиция инспекторлары, учаскелік полиция инспекторлары өтті.
Жоспарланған оқу бағдарламасына сай, 2019 жылғы 08 ақпанда «Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет» кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М. Избасов Ақтөбе облысы ПД ЖБО және  Алматы аудандық  №3 ҚПБ №22 учаскелік пунктіне апарып, шығу сабағын өткізді. Онда тыңдаушыларға заманауи технологиялардың жетістіктері көрсетіліп, тәжірибе алмасты.
Біліктілігін арттыру курсынан өту кезеңінде кәсіптік және қосымша білім факультетінің аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры Д. Тулеуов тыңдаушылармен тәрбие сағатын өткізіп, онда сөйлеу мәдениеті туралы сұрақтар көтеріліп, әртүрлі жағдайлардағы сөйлем құрастыру ережелері туралы айтылды.
Сабақтан бос уақытта тыңдаушыларға патриоттық тұрғыдан тәрбие беру мақсатында Ә. Молдағұлова атындағы мұражайға апарылды.
Тыңдаушылар келген күні олардың ІІО қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларынан кіріс бақылауы жүргізіліп, олардың алған білімдерінің деңгейін бақылау үшін аталған заңнамалар негізінде шығыс бақылауы жүргізілді.
Біліктілігін арттыру курсы аяқталған соң тындаушыларға сертификаттар табысталды.

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А.А. Сагынтаева

 
DSC_5043 (1)