Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Экспо-2017» көрмесінің Қазақстан үшін маңызы»

           ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің еліміздің Астанасында өтуінің өзі ұлттық беделді көтерері сөзсіз және бұл идеяның авторы елбасы Н.Назарбаев еді. 2012 жылы дауыс беру рәсімінен кейін 2017 жылғы көрмені өткізу мәртебесі Астанаға бұйырып, одан бері көптеген жұмыстар атқарылды: «Астана ЭСКПО-2017» ұлттық компаниясы құрылды, Тіркеу парағы бекітілді, ең үздік көрме кешені үшін халықаралық сәулет сайысында жеңімпаз анықталды, ЭКСПО-ны өткізу және ұйымдастыру туралы заң қабылданды. Көрменің болашағы шынымен де ұлттық жобаның бейнесін алды, оның сәтті өтуіне республиканың барлық аймақтары үлес қосуда. Көрмеге тақырып беру дәстүрі де сақталып, осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биылғы көрме тақырыбы «Болашақтың қуат көзі». 

         «ЭКСПО көрмесінде әлемнің барлық елдері өздерінің технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсете алады. Олар ғаламдық дамудың жаңа тәртібін қалыптастырады. Мұндай көрмелерді барлық континенттерден ондаған елдерден миллиондаған адамдар тамашалайды. Өткір бәсекелес күресте Астананың жеңіске жетуі кездейсоқ емес. Біріншіден, біздің астанамыздың әлемдік деңгейдегі шараларды өткізе алатындығын мойындау. Екіншіден, барлық Еуразия аумағы секілді Қазақстанның да жетістіктерін жоғары бағалау мен оның даму перспективасын айқындайды» – деп айтқан болатын Елбасы [1]. 

         Алғаш рет Қазақстан 2005 жылы Жапонияда «Табиғат даналығы» атты ЭКСПО көрмесіне қатысқан болатын. Кейін 2008 жылы Испанияда «Су және тұрақты даму» атты көрмесінде алғаш рет Н.Назарбаев осы шараның қазақ жерінде де өткізу туралы алғаш сөз қозғаған болатын [2].   Жаңа тапсырмаларды жедел шешу үшін 2012 жылдың 26 қарашасында Елбасының «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және өткізу бойынша Мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы шықты. Көрме кешенін салуға әлемнің 50 ден аса сәулет компаниялары сайысқа түсіп, құрылысты салу мүмкіндігін американдық «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясы алды.  Аталмыш компанияның тек көпжылдық тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар «жасыл экономикаға» жақындығы да өз рөлін ойнады. «Қазақстан және біздің барлық аймақ үшін көрме кешені бір уақытта күннен, желден қуат алатын, сонымен қатар қоқыс өңдейтін жақсы үлгі болмақ. Негізінде бұл кешен өзіні өзі электр қуатымен қамтамасыз ете алады, ал жақсы күн мен жел болса тіпті барлық қалалық жүйеге де жібере алады. Бұл ерекше нәрсе және оны бірінші рет жасап жатырмыз» – деді Нұрсұлтан Назарбаев [3].  

         Бекітілген жоспар бойынша барлық құрылыс нысандары 2016 жылдың желтоқсан айында орналасуға беріле бастады. Барлығы жоба бойынша 38 құрылыс нысаны бой көтерді. Көрме кешенінің жалпы аудан 174 гектарды құрайды, оның ішінде сфера іспеттес ғимарат Қазақстанның Ұлттық Павильоны болып табылады, одан басқа халықаралық, тақырыптық және копоративті павильондар, сауда және ойын-сауық нысандары да бар [4].

         «Қонақ үйлер мақсатында салынған барлық ғимараттар кейін тұрғын үйлерге айналуы қажет. Бұл көрме ауданында орналасқан басқа да барлық нысандарға байланысты. Басқа елдердің көрмеден кейін пайдасыз қалған ғимараттары көп, сондай тәжірибелерді  қайталамау керекпіз. Бұл міндетті «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясына тапсырамын» деген болатын Елбасы компания басшысымен кездесуінде [5].   Шынымен де салынған құрылыс нысандары мен павильондар көрмеден кейін қайта пайдалануға берілмек. 

         Көрменің өтуін ұйымдастырушылар Қазақстанның туристік әлеуетін көтеруге пайдаланып қалмақ. Осы мақсатқа отандық және шетелдік туроператорлар мен агенттіктер тартылуда. Туристерге Байқоңыр ғашыр айлағына, Бурабайға, Шарын каньондарына, Шымбұлаққа, Алакөл көліне, сонымен қатар Ұлы Жібек Жолымен турлар ұйымдастырылмақ. Мұндай шаралар Қазқстанды Орта Азиядағы ірі туристік ауданға айналдырады деп күтілуде. Себебі, мамандардың пайымдауынша біз әлі күнге дейін көрікті жерлерімізді кең ауқымда пайдалана алмай отырмыз. Сондықтан көрмеге келеді деп күтілетін миллиондаған шетелдік азаматтардың туристік мекеніне айналатын Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне артар үміті зор.

         Жалпы Қазақстан барлығы құрылыс жұмыстары мен көрмені өткізуге 280 миллион евро ақша жұмсады. Оның барлығы демеушілер мен серіктестердің қолдауынан, сонымен қатар билеттердің сатылуынан (5 миллион адам көрмені көреді деп күтілуде) жүз пайыз қайтарылады деп қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рапиль Жошыбаевтың айтуынша, «Қазақстан барлық әлемді алаңдатып отырған күрделі таққырыпты алды. Қуат көзінің мәселелеріне адамзат баласы әлі де бетпе-бет келеді. Сондықтан да Қазақстан қуат көзін алатын басқа да жолдарды, жобаларды ұсынуда. Сонымен қатар осы көрменің арқасында еліміз жаңа энергия мен жасыл технологияны тиімді пайдалана алады.        

         Өзінің баспасөзге берген сұхбатында Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Жошыбаев «ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін жасыл технология мен жаңа қуат көзіне қол жеткізудің мүмкіндігі. Көрменің елімізде өтуі Қазақстанның имиджін көтеруге, экономиканы дамытуға және әлемдік қоғамды алаңдатып отырған, қуат көздерінің жаңа жолдарын табуға септігін тигізеді. Көрмені өткізуді түрлі деңгейлерде бағалауға болады. «ЭКСПО-2017» әлемдік энергетикада өз орнын алатын ерекше көрме болары сөзсіз. Шындығында, энергетика саласына жаңа өңделген және қолдануға болатын балама қуат көздерін ашады» [6] деді.

         «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысында Президент отандық экономика ресурстарын, шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін, ішкі өнеркәсіптерді пайдалануды тапсырды. Яғни, қоғамдық тамақтану, сауда-саттық, электронды коммерция, қонақүй және туристік бизнес, концерттер мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруды тек отандық өндірістердің ғана жүзеге асыруын қадағалайтынын айтты.

         Қорытындылай келе, Елбасының: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Яғни Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңін басынан өткеруде. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдару бар. Мен көзделген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз» [7]     деген сөзімен аяқтағым келеді. 

 

Сілтемелер:

  1. https://expo2017astana.com
  2. https://m.ru.sputniknews.kz
  3. Интервью с заместителем министра иностранных дел Республики Казахстан Р.Жошыбаевым на кануне визита в Пекин.//КАЗИНФОРМ. 24.08.2017.
  4. Н.А.Назарбаев. Болашаққа бастар жол: рухани жаңғыру.// Егенмен Қазақстан. 2017.04. №35.

                                                                                               Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі    

                                                                                                М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

                                                                                                Жалпы білім беру пәндері кафедрасының 

                                                                                               оқытушысы полиция капитаны

                                                                                                Қиюбек Аида Жадетқызы

 
IMG_9851 03156275