Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Адам құқықтарының жалпыға бірдей» декларациясының қабылдануына 70 жыл толуына орай

2018 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе  заң институтының аумағында «Адам құқықтарының жалпыға бірдей» декларациясының қабылдануына 70 жыл толуына орай  «Жалпы-құқықтық пәндер» кафедрасының «Құқықтанушы» ғылыми үйірмесінің кезектен тыс халықаралық адам құқығыкүнінеарналған «Адам құқығы (Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі заңнамалар бойынша)» тақырыбында үйірме мәжілісі өткізілді.
Ғылыми үйірменің жұмысын салтанатты баяндамасымен осы үйірменің жетекшісі жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Е.Есет ашты, үйірме мүшелеріне олардың қосқан үлестері үшін өз ризашылығын білдірді.
Кіріспе баяндамадан кейін 1 «А» курсының курсанттары қатардағы полицейлер А.Афанасьева және А.Имантаева өз баяндамаларын оқыды.
Баяндамаларды жариялаудан кейін адам құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзекті мәлелелерге пікірталас сұқбаттар орын алды. Ғылыми үйірме мәжілісі соңында қорытындылар жарияланды.   

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі           
М.Есет

 
06