Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының «Кафедра апталығы» аясында өткізілген ашық сабақ

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының «Кафедра апталығының» ашылуы 2019 жылғы 11наурызда кафедраның аға оқытушысы полиция капитаны Г.Н.Тоқпанбетованың ашық дәріс сабағымен басталды.

Дәріс сабағы 1 «Б» курсының 101 – оқу тобында «Қылмыстық құқық бұзу-шылықтың субъектісі» тақырыбы бойынша өткізілді.

«Жылдың үздік оқытушысы»конкурсына қатысу үшін өткізіліп отырған ашық дәріс сабағына жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова, күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқару-шы полиция подполковнигі А.А.Салимов, білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімініңбастығы полиция подполковнигі Е.Е.Төребеков, оқу – әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры Д.Мұқанова және  институттың профессорлық – оқытушылық құрамы қатысты.

Г.Н.Тоқпанбетова дәріс сабағын өткізу барысында интерактивтік әдіс – тәсілдерді кеңінен қолданды, қаралып жатқан әрбір сұрақтар бойынша слайдтар және бейнероликтер көрсетті, тәжірибелік мысалдар келтірді.

Өткізілген ашық дәріс сабағын талқылаудың қорытындысы бойынша  институттың профессорлық – оқытушылық құрамы тиісті оқу – әдістемелік деңгейде өтті деп бағалады. Кафедраның аға оқытушысы полиция капитаны

Г.Н. Тоқпанбетова «ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының2017 жылдың үздік оқытушысы» атағын тағы да дәлелдеді.