Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу – әдістемелік кеңес

Скачать : ОҚУ– ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі-ОӘК) институттың оқу-әдістемелік жұмысын алқалы басқару органы болып табылады, оның қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді. Оқу-әдістемелік кеңестің төрағалығын институт бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Б.Байсұлтанов жүзеге асырады.

ОӘК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамасын, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңын, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережелерін және оны сайлау тәртібін, Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрықтарын, институт Жарғысын, институт Регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.

ОӘК қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасындағы оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінің 2018-2019 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 

Институт бастығының 2018 жылғы 03 қыркүйектегі №165 бұйрығына сәйкес ОӘК төрағасы — институт бастығының орынбасары, полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова, төрағаның орынбасары — КЖжҚББ факультетінің бастығы, полиция полковнигі С.Б.Гизатов, сондай-ақ ОӘС хатшысы — ОӘО оқытушы- әдіскері, полиция майоры Д.С. Мұқанова.

ОӘК төрағасы отырысты ашты және жабады; ОӘС мүшелеріне кворум бар екендігі, отырысқа шақырылғандардың құрамы мен саны туралы ақпарат берді; мәселелерді талқылауды ұйымдастырды; Регламенттің сақталуын жүзеге асырды; дайындалған құжаттардың жобаларын; қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстарды дауыс беруге ұсынды; дауыс беру нәтижелерін жариялады; отырыс залында тәртіпті қамтамасыз етті; отырыс хаттамаларына қол қойды.

ОӘК отырысы хаттамамен ресімделді, оған ОӘК шешімдерін қабылдауға негіз болған материалдар қоса беріледі. ОӘК хаттамалары мен шешімдеріне ОӘК төрағасы мен хатшысы қол қойды.

2018-2019 оқу жылында тамыз-шілде айларында ОӘК 16 отырысы өткізілді. Күн тәртібін жеңілдету мақсатында қыркүйек, желтоқсан, қаңтар және маусым айларында ОӘК қосымша отырыстары өткізілді.

ОӘК жұмысы барысында барлығы 160 мәселе қаралды, оның ішінде жоспар бойынша – 86, жоспардан тыс – 74.

“2018-2019 оқу жылындағы жазғы емтихан сессиясының нәтижелері туралы” жоспарланған 1 мәселені қарау мерзімі Орындаушының берген баянатына сәйкес 2019 жылдың маусым айынан шілде айына ауыстырылды.

ҚББФ қысқы және жазғы емтихан сессияларын өткізуге дайындық туралы сұрақтар қарастырылды, біліктілікті арттыру факультетінің аралық және қорытынды есептері тыңдалды және бекітілді. Келесі ережеге өзгерістер мен толықтырулар талқыланды, мақұлданды және енгізілді:

– “Оқу-әдістемелік Кеңес туралы “;

– “Педагогикалық шеберлік мектебі туралы”;

– “Жаңа бастаған оқытушылар мектебі туралы”;

– “Оқу-әдістемелік басылымдарды және оқу-әдістемелік кешендерді сараптау туралы”;

– “Күндізгі оқу факультеті туралы”;

– “Жылдың үздік кафедрасы байқауы туралы”;

– “Білім сапасын бақылау және мониторинг бөлімі туралы”;

– “Үлгерімнің орташа балын(GPA) анықтаудың баллдық-рейтингтік әріптік бағасы бойынша білім алушыларды бағалау тәртібі туралы”)»;

– “Білім алушылардың үлгерімін ағымдық, аралық бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу тәртібі туралы”»;

– “ІІО әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы туралы»;

-“ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттау туралы”;

– “ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ білім алушыларының кәсіптік практикадан және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру туралы”.

Оның ішінде ОӘК отырыстарында 45 басылым талқыланып, мақұлдалды, оның ішінде:

– оқу-тәжірибелік құралдар-6;

– оқу құралдары-10,

– әдістемелік ұсыныстар-7,

– схемалар альбомы-2,

– практикум-1,

– жаднама-3,

– анықтамалық құрал-1,

– тарихи-публицистикалық жинақ-2,

– есептер жинағы-2,

– оқу-әдістемелік құрал-1,

– дәрістер курсы-3,

– жаттығу жинағы-2,

– тест сұрақтары жинағы-3,

– терминологиялық сөздік-2.

2018-2019 ж. ОӘК тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында басылымдардың барлық қолжазбалары МЖМБС мазмұнына, пәндік пәндердің сәйкестігіне 1 және 2 сараптау комиссиясы шеңберінде алдын ала сараптамадан өтті және ашық басылымға ұсынылды.

2018-2019 оқу жылы ОӘК жұмыс жоспарының толық орындалуы қамтамасыз етілді.

[popup_anything id="16959"]

 
09 12276189 IMG_0532 IMG_1655 IMG_9972