Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Курсанттар арасында өткізілген самбо күресі жарысы

     Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және «Жастар жылы» шеңберінде 2019 жылдың 3 наурыз күні институттың 1 «А» курсы, 1 «Б» курсы және 2 «А» курсының курсанттары арасында самбо күресі жарысы өткізілді.
     Жарыс 4 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді және төмендегі аталған курсанттар жүлделі орындарға ие болды: Атап айтсақ: 57 келі салмақта 1-орынды 2 «А» курсы 201 оқу тобының курсанты Е.Темір, 62 келі салмақта 1-орынды 2 «А» курсы 204 оқу тобының курсанты Б.Молдыбаев, 68 келі салмақта 1-орынды 2 «А» курсы 205 оқу тобының курсанты Н.Болат, 74 келі салмақта 1-орынды 2 «А» курсы 202 оқу тобының курсанты А.Асылхан жеңіп алды.
     Жарыс әуенмен жақсы көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар және жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталып, салтанатты түрде аяқталды.

ӘжДШД кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
А.А. Мергалиев

 
IMG_7760 03219167