Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жігіт сұлтаны – 2018» байқауы

2018 жылғы 05 мамырда «Қалалық «Геолог» мәдениет үйі» МКҚК мен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің  ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ЖОО мен АОО студенттерінің бозбалалары арасында «Жігіт сұлтаны – 2018» атты қалалық байқауы өтті.

            Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары арасынан 1 Б курсының 102-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Ғалымжан Кәбір және  1 А курсының 101-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Манас Кадыров қатысты. 

      Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

  1. «Сәлем – сөздің анасы» – таныстыру бөлімі;
  2. «Ата салтты сақтаған» – салт-дәстүр және ситуациялық сұрақтарға жауап беру;
  3. «Сегіз қырлы, бір сырлы…» – өнер сайысы;
  4. «Мен – жігіттің сұлтанымын» – ұлттық киім үлгісін көрсету;
  5. «Күш атасын танымас» – күш сайысы.

      Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша қатардағы полиция Манас Кадыров «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын иеленсе, қатардағы полиция Ғалымжан Кәбір І жүлделі орынға ие болды. Байқау жеңімпаздары Қарғалы ауылдық округі әкімінің атынан дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны                     

З.А.Мухангалиева

 
IMG_8144