Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ БІРІ — ҚЫСЫЛТАЯҢ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

2019 жылдың 22 мамырында кафедра апталығы аясында, жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Ж. А. Жукаева “ІІО қызметіндегі психология” пәні бойынша “Полиция қызметкерлерінің ерекше жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындығы”тақырыбында ашық тренингтік сабақ өткізді. Сабаққа институт оқытушылары қатысты.

ІІО қызметкерлерінің төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға бағытталған психологиялық дайындығы экстрималды жағдайларда кәсіби-қызметтік міндеттерді сенімді орындауды қамтамасыз ететін психологиялық қасиеттерді мақсатты қалыптастыру процесі болып табылады.

Сонымен қатар, курсанттарды оқыту үшін аға оқытушымен буклеттер мен кітапшалар ұсынылды. Жалпы, әріптестермен өткізілген сабақ, жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді деп бағаланды.

ЖББП кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Ж.А. Жукаева