Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Кәсіби даярлық» пәні бойынша тәжірибелік шығу сабағы

2019  жылғы 13 қарашасында «Кәсіби даярлық» пәнінен арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына арналған  шығу сабақтарының жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің инспекторы полиция капитаны Ш.Т.Жайлаубаева және жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры Р.Н.Джигитова  Ақтөбе қаласы полиция басқармасының (ПБ) Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімінің (ҚПБ) №22 учаскелік полиция пунктінің (УПП) 7 және 8-оқу топтарының тыңдаушылары арасында тәжірибелік шығу сабағын өткізді. Шығу сабақтарын өткізудің негізгі мақсаты тыңдаушылардың теориялық білімдерін бекіту және тереңдету болып табылады.

Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3   ҚПБ  №22 УПП  аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Адылбек Бахитжанұлы Биманбаевтың қатысуымен өткізілген тәжірибелік сабақ  тыңдаушылардың  кәсіби қызметінің негізгі түрлерін орындауға дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты

ұйымдастыру бөлімінің инспекторы

полиция капитаны

Ш.Т.Жайлаубаева

 
11224316 IMG_3919