Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» салтанатты шарасы

2017 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты еліміздің ұлттық мерекесі 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін салтанатты түрде атап өтті.
Салтанатты кешті институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев құттықтау сөзімен ашты. Ол қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатымен жүргізіліп отырған барлық саладағы оң бастамалар халқымыздың жарқын істерімен жалғасын тауып, биіктіктерді бағындыруы барлық адамдардың сүбелі үлесі екендігін атап өтіп, барша жиынға қатысушылардың еңбектеріне табыс пен сәттілік тілей отырып, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің және институт бастығының құқығымен берілген мақтау қағаздары және алғысхаттармен институт қызметкерлерін, институттың қоғамдық өміріне белсене араласып, білімі және үлгілі тәртібімен көрінген курсанттарды марапаттады. Бірнеше қызметкерлер кезекті арнаулы атақтарға және төсбелгілерге ие болды. Олардың қатарында институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Даулетияров, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының бастығы полиция полковнигі М.Д.Нуршаев, қылмыстық құқық және криминология фкаедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ж.М.Есманбетова және тағы басқа қызметкерлер бар. Сонымен қатар, 2 курс курсанттары — Д.Ануарбековке, А.Т. Габдулинаға, Н.Т. Қонысбаевқа, О.Маралұлына, А.Т. Минжасаровқа, А.Т. Тасболатоваға және Т.Е. Утешевке арнайы «кіші сержант» атақтары берілді.
Келесі сөз кезегін мерекелік шараға арнайы келген «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Мұратбек Санақұлы Ержақыпов алып, институт қызметкерлерін құттықтап, жақсы жетістіктерімен көзге түскен қызметкерлерге алғысхаттар табыстады.
Институттың Ардагерлер кеңесінің мүшесі Санабай Рзабекұлы Рзабеков те өз мерекелік құттықтау сөзін арнады.
Мерекелік шара институт курсанттары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, кеш әсерлі көңіл-күй сыйлады.

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі