Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЫМЫРАЛЫ МОДЕЛІН ТАБУ ЖОЛДАРЫ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНЛАЙН-ДӘРІС»

2018 жылғы 21 қарашада Ресей ІІМ Нижегород академиясының қылмыстық іс жүргізу кафедрасының профессоры, з.ғ.д., профессор, полиция полковнигі А.С.Александров біздің институттың курсанттары мен қызметкерлері үшін “ТМД елдерінің қылмыстық іс жүргізу заңнамасының даму тенденциялары және ымыралы моделін табу жолдары” тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.
Дәріс сабағына біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары, 2 курс курсанттары, оқу-әдістемелік орталықтың қызметкерлері, сондай-ақ институттың қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы қатысты.
Сондай – ақ, онлайн-дәрісті М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясы, Армения Республикасы полициясының білім беру кешені қатар тыңдады.

ОӘО оқытушы-әдіскері
полиция капитаны
Р. Б. Молдыбаева