Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ректор кубогы – 2017» чемпионы – «Қорған» командасы

2017 жылғы 05 желтоқсанда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында ЖОО және АОО арасында «Ақтөбе – асқақ арманым» атты «Ректор кубогі – 2017» қазақша КТА сайысы өтті.

Сайысқа Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындарының құрамалары мен аудандық өңірлерден келген еркін құрама командаларының қатарында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты атынан «Қорған» командасы да бақ сынады. Жайдарман ойындарында институт намысын талайдан қолдан бермей жүрген «Қорған» командасының ізін суытпай, 1-2 курс курсанттарынан жасақталған жаңа құрамдағы «қорғандықтар» бұл жолы еселерін еш жібермеді. Сапалы әрі өтімді әзілмен өнер көрсетіп, көрермендердің жүрегіне жол таба білген институт командасы бірден әділқазы алқаларының да назарын өздеріне қаратты. Ойын нәтижесінде ең көп ұпай санымен алға озып шыққан «Қорған» командасы ректордың кубогі мен 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Одан басқа 2-орын «Сөз жоқ» еркін құрама командасына бұйырса, 3-орынды Қ.Жұбанов құрама командасы қанағат тұтты. Белсене қатысқан барлық командалар дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Тәрбие жұмысы бөлімінің

инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева