Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі: өзекті проблемалар және оларды шешу жолдары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу туралы Ақпарат

30.06.2021

2021 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі: өзекті проблемалар және оларды шешу жолдары»тақырыбында онлайн форматта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның басты мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді, сондай-ақ, оларды шешу жолдарын қарастыру және талқылау.

Бейнеконференция ашық диалог форматында өтті, оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ш. Қожаев, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция генерал-майоры М. Қ. Баймұқашев, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина жоғары оқу орындарының өкілдері (соның ішінде ІІМ ведомстволық) қатысты.

Бейнеконференцияны қорытындылай келе, қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 
IMG_9997 DSC_0461 IMG_0566 1 IMG_2778