Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Адам саудасы және оны ескертудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2017 жылға арналған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жоспарына сәйкес «Адам саудасы және оны ескертудің өзекті мәселелері» ізденіс тақырыбы бойынша жедел іздестіру қызметі кафедрасының қызметкерлері ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Осы ғылыми зерттеу жүргізу және ЖІҚ кафедрасының апталығын өткізушең берінде 2017 жылғы 24 қарашада сағат 15.00-де институттың кіші мәжіліс залында институт басшылығының, профессорлық-оқытушылық құрамының, құқық қорғау органдары өкілдерінің, көліктегі желілік ішкі істер бөлімі кезекші бөлімше инспекторларының жүйесі бойынша біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары менкүндізгі оқыту факультеті курсанттарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді ашу үшіналғашқы сөз институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияровқа берілді.

Дөңгелек үстелде жедел іздестіру қызметі кафедрасы бастығының орынбасары, з.ғ.м. полиция подполковнигі Т.Е.Сүлейменовтің«Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-әрекет саласында азамат құқығын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы баяндамасы оқылды, сонымен қатар, аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерге талқылау жүргізілді.

Адам саудасы, кәмелетке толмағандар саудасы, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысуға тарту, еңбек қанау мақсатында заңсыз айыру мәселелері Ақтөбе облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бөлімінің бастығы полиция майоры А.А.Кушкинбаев, Ақтөбе облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасы бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Д.Д.Изтлеуов, институттың жалпықұқық пәндері кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Т.Ү.Илайков, институттың әкімшіліқ құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Ж.А.Аюпов және біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысы полиция аға лейтенанты С.Жиеналин өз пікірлерін талқыға салды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың ұйымдасқан пікірталастары мен қойылған сұрақтарды талқылау негізінде адам саудасы жанында мәселелерін шешуге әдістемелік нұсқамалар ұсынылды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушыларға алғысхаттар тапсырылды.

 

ЖІҚ кафедрасының доценті

полиция подполковнигі

М.Ж. Найманбаев

 
03 11021097