

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
2020 жылғы 10 желтоқсанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай арнайы алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларына «Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі»тақырыбында дәріс өткізілді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» алғашқы нормативтік құқықтық актіден бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 29 жыл толғалы отыр. …
2020 жылғы 9 желтоқсанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында “Өмірге үміт сыйла” ұранымен ерікті өтеусіз қан донорлығын қолдау жөніндегі акция өтті. Облыстық қан орталығы қызметкерлеріне институт офицерлері, курсанттары мен тыңдаушылары қан тапсырып, қайырымдылыққа өз үлесін қосты. Қан донорлығы – өмірді сақтаудың құралы және де бұл шынайы адамгершілікке жетелейтін игі іс. Идеологиялық жұмыс бөлімшесі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2020-2021 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылғы 9 желтоқсанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы Ақтөбе қаласындағы клиникалық-диагностикалық орталықтың қызметкерлеріне «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» тақырыбында …
|