2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің лейтенанты Ж.Н.Төлепбергенов пен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс инспекторы полиция лейтенанты С.Е.Елдесов 1 «А» мен 1 «Б» курс курсанттарына азаматтық қорғаныс бойынша нұсқама өткізді.
Нұсқама барысында курсанттарға өрт қауіпсіздігі шеңберіндегі нормаларды сақтау мен мемлекеттік бақылау ережесін, азаматтық қорғаныс, оның ішінде төтенше жағдайды ескерту, төтенше жағдайды жою және өрт сөндіру жөнінде дәріс тыңдады.
Нұсқама өткізу барысында іс жүзіндегі тәжірибеде түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде арнайы құралдарды пайдалану ережесін көрсетті.
Аталған шараны қорытындылай келе лейтенант Ж.Н.Төлепбергенов нұсқаулық өмірдің әртүрлі жағдайларында қажет екендігін атап өтті.
Жоспарлау, үйлестіру және бақылау
бөлімшесінің жұмылдыру жұмысы
және азаматтық қорғаныс инспекторы
полиция лейтенанты
С.Е. Елдесов