Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Азаматтық қорғаныс бойынша нұсқама

2019 жылғы 03 шлдеде  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері аға лейтенант О.Н.Дуйсен және Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының Азаматтық қорғаныс тобының офицері К.Т.Дарменов пен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс инспекторы полиция аға лейтенанты С.Е.Елдесов арнайы бастапқы оқу курс тыңдаушыларына азаматтық қорғаныс бойынша нұсқама өткізді.

Нұсқама барысында курсанттарға өрт қауіпсіздігі шеңберіндегі нормаларды сақтау мен мемлекеттік бақылау ережесін, азаматтық қорғаныс, оның ішінде төтенше жағдайды ескерту, төтенше жағдайды жою және өрт сөндіру жөнінде дәріс тыңдады.

Нұсқама өткізу барысында іс жүзіндегі тәжірибеде түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде арнайы құралдарды пайдалану ережесін көрсетті.

Аталған шараны қорытындылай келе аға лейтенант О.Н.Дуйсен нұсқаулық өмірдің әртүрлі жағдайларында қажет екендігін атап өтті.

Жоспарлау, үйлестіру және бақылау

бөлімшесінің жұмылдыру жұмысы

және азаматтық қорғаныс инспекторы

полиция аға лейтенанты

С.Е. Елдесов

 
03219059 04212034