«Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі» кафедрасы ішкі істер органдарының мамандандырылған кадрларын дайындау мақсатында аймақтық полиция органдарының тәжірибелік қызметкерлерімен тығыз байланысты қолдайды.
«Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі» кафедрасы институттың бейіндеуші құрылымдық бөлімі болып табылады, ішкі істер органдарына әкімшілік-құқықтық мамандық бойынша кадрлар дайындайды, осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздік қызметіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында заңнаманы қолдану бойынша тапсырмалармен міндеттерді үйлестіруді оқытатын пәндерге тәжірибелік қызметкерді қатыстырылып өткізіледі.
«Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі» кафедрасымен оқытылатын пәндерге тәжірибелік қызметкерді қатыстырып сабақ өткізу курсанттардың теориялық білімдерін одан әрі терең меңгеруіне мүмкіндік туғызады.
Кафедра апталығының өткізілуіне байланысты 2018 жылдың
21 қарашасы күні әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушыларымен, атап айтқанда кафедра бастығының орынбасары полиция майоры Р.С.Ізбас, кафедра оқытушысы полиция майоры С.Р.Калипова, кафедра оқытушысы полиция капитаны Б.Ж.Уайсовпен ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында аймақтық полиция органдарының тәжірибелік қызметкерлерімен бірлесіп, 2 «Б» курсы 201-203 топтары курсанттарының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді. Тәжірибелік сабаққа Ақтау қаласының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры А.З.Алипбаев, БҚО ПД ЖПҚБ жол қауіпсіздігі және жаппай шараларды қамтамасыз ету тобының аға инспекторы полиция майоры Ажбаев Маралбек Бисенғалиұлы, Көкшетау қаласының ІІБ ЖПҚ ӘЗҚБ инспекторы полиция майоры Ибраева Анаргүл Олжабайқызы, Алматы облыстық ПД ЖПҚ Еңбекшіқазақ ауданы ПБ УПИ полиция капитаны Оканов Айбек Серікұлы қатысты.Сабақ кезінде курсанттар тәжірибелік қызметте заңнамалардың қолданылу тәртібі туралы мәселелі сұрақтар қойып, оларға аймақтық бөлініс қызметкерлерінен толық жауаптар қайтарылды.
ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция майоры
Р.С.Ізбас