Қазақстан Республикасының ІІМ үшін жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған оқу орнының білім беру қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында университетаралық профессорлық-оқытушылық құрамның тәжірибе алмасу үшін ұлттық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында 2019 жылғы 13 – 27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Зина Зинелқызы Нұрыш Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасына «ҚР Азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)», «Ғылыми зерттеу негіздері» пәндерінен дәріс оқуға шақырылды.
2019 жылғы 15 наурызда «Құқықтану» кафедрасының профессорлықоқытушылар құрамымен танысу жүргізіліп және 2 курс 201- оқу тобы студенттеріне ҚР Азаматтық құқық пәнінен «Тасымалдау шарты» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді. Пәндердің тақырыптық жоспарына сәйкес студенттер бiлуге тиicтi мұқият ipiктелген қысқаша мәліметтер беріліп, тақырыптың негiзгiлерiн саралап, ақпаратты толық сезiнуге мүмкіндік берілді. Нормативті құқықтық актілерімен соның ішінде Азаматтық кодекспен жұмыс істеу, көрнекілік, сондай-ақ тәжірибелік тапсырмаларды шешу секілді әдістері қолданылды.
2019 жылдың 18 наурызында 2 курс студенттеріне 201, 202, 203 оқу топтарына ҚР Азаматтық құқығы пәнінен (Ерекше бөлім) «Мердігерлік шарты» тақырыбы бойынша дәріс сабағы өткізілді. Онда төмендегідей сұрақтар қарастырылды:
- Мердігерлік шартының түсінігі және түрлері.
- Мердігерлік шартының элементтері.
- Мердігерлік шартының мазмұны. Мүлікті тегін пайдалану (несие).
2019 жылдың 19 наурызында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі З.Нұрыш кафедраның аға оқытушылары құқық магистрлері А.А.Бекбауова және Л.А. Мурсаловамен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселелері». Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс заңнамасындағы өзгерістерді студенттерге толыққанды жеткізу. Болашақ заңгерлерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңдылықтары бойынша және өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын орындау тәртібін айқындайтын заңнамалар тереңірек түсіндірілді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде «Құқықтану» мамандығын бітіруші студенттерге болашақта дипломдық жұмыс тақырыптарын осы қылмыстық іс жүргізу құқығының қазіргі таңдағы ахуалды тақырыптарымен дайындауға болатындығын атап өттім.
2019 жылғы 20 наурызда З.Нұрыш 204-топтың кураторы Е.И.Исибаеваның«Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта өткізген тәрбие сағатына қатыстым. Тәрбие сағатының мақсаты — болашақ заңгерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстырып, жастардың құқықтары мен міндеттерін, теорияны тәжірибемен ұштастыра отырып, күнделікті өмірдегі құқықтық хроникалардан мысал келтіріп айтып кеттім.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерінің сабаққа жауапты, сапалы, өз беттерінше даярлығы жақсы деңгейде. Университетте кредиттік оқуыту жүйесіне сәйкес дәріс, семинар және тәжірибе сабақтары негізінде өткізілді. З.Нұрышпен өткізілген оқу сабақтарына құқықтану кафедрасының оқытушылары Е.И.Исибаева, А.А.Бекбауова., Л.А.Мурсалова, з.ғ.к. доцент А.С.Смагулова, кафедра меңгерушісі А.Қ. Нурлин қатысып өздерінің оң пікірлерін айтты.
Қазақстан Республикасы ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
жалпы құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З. Нұрыш