Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Алименттік міндеттемелер» тақырыбында Ашық дәріс сабағын өткізу туралы

2019 жылғы 5 қарашада кафедраның жоспарына сәйкес жалпы құқықтық пәндер кафедрасының доценті, полиция подполковнигі З.З.Нұрыш «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» пәні бойынша 2 А курсы 201-203 оқу топтарында «Алименттік міндеттемелер» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Тақырып бойынша екі теориялық сұрақ қарастырылды:

1. Ата-аналардың алименттік міндеттемелері.

2. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына алименттік міндеттемелері.

Сабақтың мақсаты – білім алушыларға отбасылық құқық нормаларының мазмұны мен механизмінің теориялық негіздерін, оларды қолдану салдары туралы түсінік беру, сонымен қатар алименттік міндеттемелердің қазіргі проблемаларымен танысу және отбасылық-құқықтық құралдарды қолданудағы практикалық дағдыларды игеру, отбасы құқығы субъектілерінің қызмет ету міндеттемелері, сонымен қатар курсанттарды неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) құқықтық қатынастарды реттеу туралы теорияда алған білімдерін нақты мәселелерді шешу процесінде тәжірибеде қолдануға үйрету.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасы отбасы заңнамасының ұғымы, жүйесі және міндеттеріне қатысты дидактикалық материалдар көрсетілді. Дидактикалық презентациядан кейін бейне роликтер көрсетіп, курсанттардың жемісті жұмысына ықпал етті. Сабаққа дайындық барысында ашық дәріс сабағын өткізуге арналған әдістемелік өңдеулермен әдістемелік ұсыныстар пайдаланылды. Дәріс сабағына қатысқан профессорлық оқытушылар құрамы тарапынан оң пікірлер айтылды.

ЖҚП кафедрасының доценті

полиция подполковнигі

З.З.Нұрыш

 
02