Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Алматы қаласындағы бес күндік тренинг

ҚР ІІМ мен ХҚКК өңірлік өкілдігі арасындағы ынтымақтастық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 8-12 сәуір аралығында Алматы қаласында ІІМ ТЖК орталығы базасында ҚР ІІМ ЖОО-ның қызметкерлері мен оқытушылары үшін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша бес күндік тренинг өтті, оған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Сағынтай Мұхитұлы Минайдаров қатысты.

Аталған курстың мақсаты-құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жауынгерлік жарақаттар, сынықтар, үсік шалу, күйіп қалу және т.б. кезінде алғашқы көмек көрсету дағдыларын қоса алғанда, зардап шегушіге дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету дағдыларын үйрету.

Оқытушы жағынан ұсынылған материалдар:

1. Жауынгерлік санитардың сөмкелері.

2. Таңу материалдары.

3. Шиналар.

4. Жгут.

5. Тамшылар.

6. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу үшін манекендер.

7. Муляждар жиынтығы («жарақаттар мен зақымданулардың имитаторлары» жиынтығы).

8. Арқаға арналған қатты шиналар.

9. Зембілдер.

Сабақтын бірінші күні қажетті материалдары қолдану туралы танысу және талқылау, сондай-ақ зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын, адам ағзасының құрылысын білу бойынша тестілеу өткізілді.

Келесі күндері келесі тақырыптар бойынша сабақтар өткізілді: «көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының және құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаттары», «шок жағдайын реттеу, сыну және шина салу», «бас сүйек-ми жарақаттары, медициналық сұрыптау және пациенттерді тасымалдау», «омыртқанын зақымдануы, аяқ жарақатынан қан кету, кесілген аяқ-қолдар».

Курс соңында өткен тақырыптар бойынша тестілеу өткізіліп, сертификат берілді.

Қылмыстық процесс және

криминалистика кафедрасының

оқытушысы полиция майоры

С.М. Минайдаров

 
05