Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ардагерден алар үлгі

Қазақсатан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысын жандандыру, курсанттарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында 2017 жылғы 26 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагері, Ішкі істер органдарының ардагері, милиция полковнигі Диденко Михаил Ивановичпен арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларының кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге институт бастығы полиция полковингі С.И.Қаракүшев және тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ардагер басынан өткізген ауыр күндері, соғыс жылдарындағы оқиғалары туралы айтты. Михаил Иванович 1926 жылғы      27 наурызда дүниеге келген. 1943 жылғы қараша мен 1944 жылғы мамыр аралығында 4-арнайы оқу ботальонының курсанты болған. Белоруссияны, Литваны, Шығыс Пруссияны босатуға арналған шайқастарға қатысып, фашист қамалы —  Кенигсбергке шабуыл жасауға қатысқан. 1945 жылғы қазан мен 1949 жылғы желтоқсан аралығында 15-арнайы ботальонда іс жүргізушы болып қызмет атқарған. 1950 жылғы шілде мен 1983 жылғы тамыз аралығында Қостанай облысының ІІД-де әртүрлі лауазымда қызмет жасаған. 

Кездесу соңында ардагер келешек ұрпаққа, жастарға бейбіт өмір тілеп, институт басшылығы мен жеке құрамға алғысын білдірді.  Өз кезегінде институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев ардагерді Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының            20 жылдығына арналған төсбелгімен және алғысхатпен марапаттады. 

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны З.Мухангалиева