2019 жылы 29 тамызда М. Бөкенбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының қабырғасында ҚР ІІО ардагерлері, атап айтқанда институт ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Валерий Александрович Сюняков және институт ардагерлер кеңесінің мүшелері, отставкадағы милиция полковнигі Санабай Рзабекұлы Рзабековпен және Мұрат Көпжасарұлымен кезекті кездесу өтті. Олар өз өмірлерін қоғамға, сүйікті мамандығына арнап, еңбек демалысына шықса да, өздерінің бай тәжірибесін, даналық кеңестерін жас ұрпаққа табыстауда. Біз оларды мақтан тұтамыз