Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы бастапқы оқыту курсының білім алушыларына жиналыс өткізу туралы

2019 жылғы 30 қыркүйекте ҚР ІІМ  М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Әйелдер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Ж.М.Есмамбетова КжҚБФ оқытушы-әдіскері, полиция майоры В.В. Хасановамен бірге арнайы бастапқы оқыту курсында оқитын қыздарға жиналыс өткізді. Іс-шара барысында институт ережелерін, әскери -қызметтік тәртіпті, білім беру процесін сақтау мәселелерін реттейтін талаптары, тыңдаушылардың институт орналасқан жерден тыс жүріс-тұрыс қағидалары жеткізілді.

Полиция майоры В. В. Хасанова ведомстволық оқу орындарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша бұйрықтар мен нұсқаулықтардың ережелерін, институттың ішкі тәртіп ережелерін түсіндірді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау қажеттілігі туралы атап өтті.

Отырыс соңында полиция полковнигі Ж.М.Есмамбетова тыңдаушыларға оқуда табыс тіледі және жаңа буын қызметкерлері өздерінің күнделікті қызметінде мемлекеттік тілді, коммуникация және сөйлеу мәдениетін меңгеруі тиіс екенін атап өтті, өйткені әрбір жеке қызметкердің кәсіби және жеке қасиеттері жалпы полиция имиджін қалыптастырады.

Институттың Әйелдер кеңесі

 
002 IMG-20180228-WA0026