Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қызметкерлерімен өткізілген біліктілікті арттыру курсы

2018 жылғы қыркүйек айының 10-14 күндері аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына, атап айтқанда әр облыстың көліктегі ІІД қызметкерлеріне ҚР ІІМ және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің сарапшылары және ұйымдастырушылардың қатысуымен «Организация профилирования рисков на объектах транспорта в целях борьбы с транснациональной преступностью» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылып өткізілді.

Семинарды ұйымдастырушылар:

  1. Кондратьев Игорь Владимирович – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының сотқа дейінгі тергеп тексеру кафедрасының профессоры, з.ғ.к., отставкадағы полиция полковнигі.
  2. Шакимова Лола Сергеевна – ҚР Психологтар ассоциациясының сарапшы-психологі.
  3. Асафов Михаил Викторович – Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің әскери-саяси бөлімінің аға жоба ассистенті.
  4. РахметовТалғатАбдрашевич – көліктегі ІІД ӘПБ бөлім бастығы, полиция подполковнигі.

           Семинарда төменде көрсетілген тақырыптар қамтылды:

  1. Шет елдердегі профайлингтің құрылу тарихы. Нақты бір нысан құрылғысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі профайлингтің методикалық-құқықтық ұғымы.
  2. Қауіптің құрамына анализ жасау, қауіпті массалық бағалау негізі, жолаушылар ішінен наркокурьерді анықтау мақсатында ақпарат жинау. Темір жол көлігіндегі жолаушылармен сауалнама жүргізудің әдіс-тәсілдері.
  3. Терроризмнің түрі және классификациясы. Террористік актілердің алдын алу мақсатында азаматтарды арнайы белгілеріне байланысты анықтап, бағалау тәсілдері.
  4. Азаматпен психологиялық қатынас асау, инновациялық коммуникативтік технологиялар. Конфликттік жағдайларды шешу.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

  

ҚжКБФ оқытушы-әдіскері

полиция капитаны

Г.С.Инжилисова

 
04