Қоғамды қауіп-қатер мен қарулы қақтығыстардан қорғау – тәуелсіз елдің әрбір азаматының міндеті. Әсіресе, басты міндет болашақ құқық қорғау қызметкерлеріне жүктеледі. Қазіргі заманда әрбір екінші адам еліміздің тыныштығын бұзуға тырысады. Халыққа төтеннен жапа шектіретін осындай әрекеттерді ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды дер кезінде құрықтап, тиісті жаза тағайындауда болашақ құқық қорғау қызметкерлері қажетті қорғаныс шараларын жедел және сауатты жүзеге асыруы үшін үлкен дайындық керек. Кез келген жағдайдағы дайындықтың аздығы соңы қасіретпен аяқталатын жағдайға алып келуі мүмкін. Сол үшін барлығын басынан бастап меңгергенді жөн деп білеміз. Қоғамдағы осы сыңайлы ахуалдарды ескеріп, 1-курс басшысы полиция майоры Н.Қажығалиев, курс бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полиция капитаны Ш.Ельтаев, курс старшинасы Е.Боранқұловтардың бастамасымен 1 курс курсанттары үстіміздегі жылдың 21 маусымында институт бастығының рұқсатымен қала шетінде орналасқан атыс алаңына барып қайтты. Атыс шебінде курсанттарға қаруды пайдаланумен, оны ату барысында қолданудың сақтық ережелерімен әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары таныстырды. Атыс алаңындағы курсанттардың барлық іс-әрекеті курс басшыларының назарында болды. Бұл күнді курсанттар түгелдей дерлік атыс шебінде қару түрлерінен белгіленген қашықтықта атумен, түрлі кедергілерден тұратын жолдар мен жолсыздардан оқ тиюден, ауыр соққыдан, улы иістерден қорғайтын салмағы біршама ауыр қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы алыс шақырымда жүгірумен өткізді. Күнделікті дене дайындығының нәтижесі де осында көрінді. Таңнан кешке дейін жалғасқан сын сағаттарында курсанттар өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Бұл да – курс үшін бір жеңіс. Осы нәтижелерден соң, курсанттардың әлі талай сынақтардан мүдірмей өтетініне сеніміміз мол.
1-курс бастығы
полиция майоры
Н.Қажығалиев