2018 жылғы 04 желтоқсанда тәрбие жұмысы бөлімінің жоспарына сәйкес, «Ер-Бақыт» әскери-спорт клубының жетекшісі, ауған соғысының ардагері Марат Айтуғанұлы Қойлыбаевпен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу және соғысқа қатысқан ардагерлердің ерліктернін өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Әңгіме барысында Марат Айтуғанұлы әскер қатарына қалай шақырылғандығы, соғыс жылдарында басынан өткен қиыншылықтарды, соғыстан оралғаннан кейінгі өмірі туралы сөз тарқатып, жастарға патриоттық тәрбие беру керектігін айтты. Сонымен қатар, ардагер Елбасының саясаты, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралыда сөз қозғады.
Курсанттар ардагерге сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева