2019 жылдың 6 қарашасындажалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А. Ж. Жарасхан 2А курсы 203-оқу тобының курсанттарына «Философия» пәні бойынша «Даму принципі: диалектика және синергетика» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен институттың профессорлық-оқытушылық құрамы ашық семинарлық сабаққа қатысып, семинардың өткізілу барысын және тақырыптың мазмұндалуын қадағалады.
Семинар сабақ мультимедиялық презентациялармен сүйемелденді. Оқытушы курсанттармен топтық жұмыс ұйымдастырды, бұл курсанттарға жоғары белсенділік пен қызығушылық танытуға, сондай-ақ өз пікірлерін белсенді айтуға, «кері байланыс» беруге және педагогпен тең дәрежеде ынтымақтасуға мүмкіндік берді. Сабақтың тәрбиелік бағыты жоғары болды.
Ашық сабақтың қорытынды кезеңінде талқылау жүргізілді. Қатысушылар оқытушының ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғары бағалады, сондай-ақ осындай іс-шаралар өте пайдалы, тиімді және осы тәсілдердің мазмұнын тереңдетуге, тәжірибе алмасуға ықпал етеді деген тілек білдірді. Сабақ мақсатына жетті деген қорытынды жасалды. Сонымен бірге, оқу үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік деңгейін, инновациялық бағытын және шығармашылық тәсілдері де жоғары бағаланды.
ЖББ кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
А. Ж. Жарасхан