Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 50 жылдығын мерекелеу аясында «Ағаш өсіру» жобасы бастау алды. Бұл жобаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының барлық кызметкерлері қолдады. Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі А.М. Сайтбеков институттың естелік тақтасын орната отырып қылқан жапырақты ағаш отырғызды, онда қоғамдық қайраткері, BTS Digital оқу орталығының басшысы, National Geographic компаниясының ізгі ниетті елшісі Саясат Нұрбек те болды.
Курс бастығының орынбасары
полиция майоры
Р.К. Рақышев