Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақпарат

        Бүгін, яғни, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  тұрақты және ауыспалы құрамын таңғы саптық тұрғызуда инстиут бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев  Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай ұйымдастырылған «Бірліктің ұйытқысы тіл» атты апталықтың қорытындысы бойынша белсенді қатысқан тыңдаушылар мен курсанттарды алғыс хаттармен марапаттады.  Апталық аясында танымдық, әдеби, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Марапатқа әртүрлі шараларға белсене қатысып өз өнерлерін көрсеткен курсанттар және олардан құрылған командалар ие болды.

 

                                                               Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі

 
DSC06973 IMG_6180