2018 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев пен институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында өткізілген Ақтөбе және Орынбор облыстары ректорларының «Ақтөбе және Орынбор облыстарының университеттері: шекаралық ынтымақтастығының келешегі мен бағыттары» форумына қатысты.
Форум Ақтөбе және Орынбор облыстарының күндері аясында өткізілді. Форум жұмысына Орынбор облысының бес ЖОО-ның және Ақтөбе облысының төрт ЖОО-ның өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков, Орынбор облысының ЖОО ректорлары кеңесінің төрағасы, РҒА-ның корреспондент мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жанна Анатольевна Ермакова, Орынбор мемлекеттік медициналық университетінің ғылыми, инновациялық және халықаралық қызметі бойынша проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сергей Николаевич Лященко, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің клиникалық және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Газиза Ажмагиевна Смагулова, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Александровна Алешина, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті ректорының міндетін атқарушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Галина Васильевна Петрова, Ағайынды Ростроповичтер атындағы Орынбор мемлекеттік өнер институтының ректоры, Орынбор облысы жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі төрағасының орынбасары, өнертану докторы, профессор, Ресей Федерациясы өнерінің еңбек сіңірген қызметкері Борис Порфирьевич Хавторин, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев баяндамаларын қатысушылар назарына ұсынды.
Форумның модераторы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, доцент Рахым Ағыбайұлы Бекназаров болды.
Форум шеңберінде ұсынылған жоғары оқу орындары үлгісінде Ресейдегі және Казақстандағы жоғары білім жүйесін жетілдіру сұрақтары талқыланды.
Білім алушылардың біріккен даярлығы аясында жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды бекіту жөнінде білім беру мен ғылыми қызмет саласындағы шекаралас ынтымақтастықтың келешегі мен бағыттары бойынша ұсыныстар айтылды және бұл ұсыныстарды екі облыстың басшылары — Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев пен Орынбор облысының губернаторы Юрий Александрович Берг қолдады.
Іс-шара соңында тоғыз жоғары оқу орны білім беру мен ғылыми қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бірыңғай меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасы ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институты бастығының
ғылыми жұмыс жөніндегі
орынбасары
полиция подполковнигі
Г.Ж. Сулейманова