2019 жылғы 06 қарашада қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы басапқы оқыту курсының тыңдаушыларына Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Жүсіпахметұлы Абдолламен кездесу ұйымдастырды.
Облыстық сот төрағасының жас заңгерлермен кездесуі жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін даярлайтын институттың оқу ғимаратында өтті.
Іс-шара барысында Сәкен Абдолла тыңдаушыларға сот жүйесіндегі өзгерістер мен жетістіктер туралы айтып, ҚР заңнамасындағы өзгерістер туралы, облыс соттарында енгізілген пилоттық жобалар мен олардың нәтижелері туралы жан-жақты түсіндірді, сонымен қатар судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптарға тоқталды.
Одан кейін С.Абдолла ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін атап өтті. Төраға Жолдау қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықпен тиімді кері байланыс, ашықтық, мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін сапалы қарауы, сот шешімдерінің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау, жария-құқықтық даулар бойынша органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымданған кезде азаматтардың тең жағдаймен қамтамасыз ету, жеке адамға қатысты ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселелеріне арналғанын еске салды. Сонымен қатар, курсанттарға Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді.
Институт бастығы полиция полковнигі Ақан Қабдуев өз кезегінде облыстық сот төрағасына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғысын білдірді. Тараптар өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою перспективасын айтып, курсанттар мен тыңдаушылардың ашық сот отырыстары мен «ашық есік күндеріне» қатысу мүмкіндігін талқылады.
Іс-шараны қорытындылай келе, Облыстық сот төрағасы сот органдарында білікті мамандарға сұранысты және сот жүйесінің жас заңгерлердің білім сапасын арттыруға, тәжірибелік дағдыларға, кәсіптік бағдар беруге және жұмысқа орналасуға ықпал етуге қызығушылығын атап өтті.
ҚПжК кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
З.А.Мухангалиева