2018 жылғы 6 қазанда Ақтөбе «Облыстық қан орталығының» және Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарымен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы — «Сәбидің өмірін лейкоздан сақта». Өткізілген кездесуден кейін біздің институттың
51 курсанты қан тапсырып, ұлтаралық регистрге мүше болды. Аталған регистр барлық дамыған мемлекеттер мен медициналық көмекті жақсартуға ниетті барлық елдерде бар. Барлық ұлтаралық регистрлер халықаралық регистрлерге жиналған, бұл регистрде 30 млн. донор тіркелген. Қазақстанда жыл сайын 200-ден астам адам жұлынның ауыстырылуына мұқтаж. Бұл жоба ересектер мен балалардың онкологиялық ауруларын емдеуге арналған.
1 «Б» курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
Н.Т.Нурманбетов