Кәсіби білім тұлға болып қалыптасудың стратегиялық негізі, қоғамның, ұлттың, мемлекет дамуының тұрақты кепілі. Жаһандану жағдайларында ІІМ жүйесіндегі кәсіби біліктілікке үлкен талаптар артылуда, ақпараттық даму заманының қарқынды өзгерістеріне ІІО-ның қызметіне қызметкерлерді даярлау, қызметкерлерлердің қызметін атқару барысында, төтенше жағдайларда, кәсіби білімін басшылыққа ала отырып шұғыл, тиімді және тез арада шешім қабылдап мәселенің шешілуін қамтамасыз етуді, яғни «Жаңа форматтағы» полиция қызметкері тек ғана теориялық базалық білім емес, өмір ағамының кез кеген сынақтарына, кәсіби даярлығымен қатар психологиялық төзімділік таныта отырып, медициналық алғашқы көмек көрсетуге дайындығымен ерекшеленді.
Осы мақсатта 2019 жылғы 6 маусымда ҚР-ның ІІМ-нің «Жаңа форматтағы» жаңа тұжырымдамасын іске асыру аясында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ІІО-на бірінші отраңғы басқарушы құрам лауазымына қызметке қабылданып жатқан қызметкерлердің арнайы бастапқы оқу курсы тыңдаушыларына Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Тактикалық-арнайы дайындық» бойынша қонақтар дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибелік дәріс сабағын өткізді. Дәрісті өткізушілер Қызыл ай қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері: Тажибаева Замзагуль Аюповна, Дияров Ералхан, Жалгасова Альбина. Дәріс өткізу барысы шынайылыққа барынша сай болуымен, жарақатты гримдап, әртістік шеберлікпен, қобалжулармен абыржу хәлдерін, сынық, сіңірдің созылуы, күйік шалғанда, үсік шалғанда, уланғанда, күн сәулесінен, электр тоғына түскенде, зардап шегушіні тасымалдау және жасанды дем беру, жүрек тұсын уқалау әдістерімен тәсілдерінің жалпы дәріс баяны өткізілді. Сабақтың өткізілуі барысында тыңдаушылардың зейін қойып, қызығып, баяндаушыларға өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, дәріске кей жағдайларда ассистент ретінде қатысып, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырын меңгерді. Дәріс аяқталғаннан соң тыңдаушылар қонақтарға өз алғыстарын білдіріп, әрі қарай жұмыстарына толағай табыстармен жетістіктер тілеп, осындай дәрістерді кезең – кезеңімен тұрақты жүргізіліп тұруын тілге тиек етті. Осындай дәрістер «Жаңа форматтағы» полиция қызметкерлеріне тәжірибелік бағдар алуға, ат үсті шұғыл шешімдерді өз тарапына дер кезінде қолданып, шешімсіздікпен тәуекелділіктің төмендеуіне, төтенше жағдайларда зардап шегушінің өмірін сақтап қалу әрекеттерін сауатты және сапалы, дер кезінде қолданудың алғы шарты болып табылатын дәріс болғандығын барлық тыңдаушылар бір адамдай түсінікпен қабылдады.