Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысы ПД ЖБО-да арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларымен өткізілген шығу тәжірибе сабағы.

Аймақтық ішкі істер органдарының  тәжірбиелік  қызметімен таныстыру, оқытудың тәжірибелік – бағыттылығының  деңгейін арттыру және       кәсіби       құзыреттілігін      арттыру     мақсатында, 2020   жылдың

22 қаңтарында  М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО ӘҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Р.С.Ізбас және ІІО ӘҚ кафедрасының доценті полиция полковнигі Л.С.Маланьина Ақтөбе облысы ПД ЖБО-да арнайы бастапқы оқыту курсының 8 және 13-топ тыңдаушыларымен «Кәсіби даярлық» пәні бойынша шығу тәжірибе сабағын өткізді.

Ақтөбе облысы ПД өкілдері тарапынан институт тыңдаушыларына ЖБО-ның негізгі қызметтері туралы ақпараттар жеткізілді:

  • барлық желі басқару тарапынан қабылданған ақпараттар негізінде қалыптасқан жедел мән – жағдайларға талдау жүргізу;
  • азаматтық ұйымдармен және ведомстволармен, басқа да қарулы құрылымдармен, сонымен қатар бұқаралық ақпараттық құралдарымен барлық ЖБ субьектісінің арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
  • жедел жағдайлардың ушығуы және төтенше жағдайлар туындаған кезде арнайы жедел жоспарларды іс-әрекетке енгізу.

Тыңдаушылар ЖБО-ның жүзеге асыратын міндеттерін ұғынып, оның қызметі  тәртібімен танысты.

Осындай шығу тәжірибелік сабақтарын өткізу оқу процесінің тиімділігін   айтарлықтай   арттырады.

ІІО ӘҚ кафедрасының доценті

полиция полковнигі

 Л.С.Маланьина