Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе обылыстық ІІД Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ №22 учаскелік полиция пунктінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1-курс курсанттары практикасының басталуының ашылуы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру қажеттілігіне әрдайым назар аударады.

         Осы контекстте Қазақстан Республикасы ІІМ соңғы жылдары теоретикалық білім берудің өндірістік қажеттілікке максималды жақындауына акцент жасайды.

         Осыған орай 2017 жылғы 10 қазан Ақтөбе облыстық ІІД  Ақтөбе қаласы ІІБ Елек ПБ-нің №22 УПП-нің базасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1-ші курс курсанттарымен жаңа оқу жылындағы өндірісінің басталуына орай жиын өтті.

         Қазақстан Республикасының Ішікі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовтің бейне-селекторлық жиналысының шешіміне байланысты 2014 жылдың қазан айынан бастап  Ақтөбе қаласы ІІБ Елек ПБ-нің №22 УПП-нің базасында ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының филиалы жұмыс жасайды.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары  полиция полковнигі В.С.Букреев, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД КЖБ бастығы  полиция подполковнигі С.Б.Темиреев, Ақтөбе облыстық ІІД Елек ПБ бастығы полиция полковнигі Н.Ж.Алдамжаров, Ақтөбе қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Е.Малаев, Қазақстан Республикасы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ардагерлер кеңесінің мүшесі С.Р.Рзабеков, №22 басқарушы компаниясының төрайымы К.С.Шакибаева, Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ-нің №22 УПП-нің УПИ полиция капитаны А.Б.Биманбаев, полиция капитаны А.А.Қоянбаев, полиция аға лейтенанты М.А.Қойшыбаев және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тұрақты және ауыспалы құрамы қатысты.  

Шақырылған қонақтар бірауыздан қазіргі заман ІІО кадрлар дайындау жүйесіне түзетулер енгізуді талап ететінін атап өтті. Бүгінгі таңда жергілікті полиция қызметінің жоғары дәрежелі маманы құқықтық кеңістікте бір бағытта ғана емес, орынды түрде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шеберлігін білуі, жаңартылған арнайы-техникалық құралдарын пайдалана білулері, сонымен қатар, алынған білімдерін тәжірибеде тиімді қолданулары қажет.

Бірінші курс курсанттарының тәлімгерлері, тәжірибелі учаскелік полиция инспекторлары болашақ өздерінің әріптестерінің тәжірибелік қызметте кәсіби дамуына және бейімделуіне жеке жұмыстар жүргізеді.

Аталған тәжірибенің басты мақсаты –ІІО ішінде тәжірибені беру процесін құру болып табылады.

Аталған іс-шаралар №22 УПП қызмет атқару аймағында қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға,сонымен қатар, тұрғындармен қарым-қатынас бойынша полиция қызметкерлерінің имиджін көтеруге бағытталған.

Курсанттар осы іс-шараның барысында әкімшілік құжаттар макеттерін толтырып үйренеді және де аталған іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру әрбір курсантқа өз мамандығын дұрыс таңдауға оң ықпалын тигізеді.

Ашылу салтанатынан кейін бірінші курс курсанттарына учаскелік полиция пунктінің жұмыс тәртібі таныстырылды.

Қорытынды сөз сөйлеген институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев Ақтөбе облыстық ІІД, Ақтөбе қалалық ІІБ, Елек ПБ УПИ басшылығына  № 22 УПП аумағында институттың  1-курсына тәжірибелік сабақтарды өткізуді ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

 
DSC01734